Вернуться назад Распечатать

ТЖ кезінде жалақы қалай төленеді?


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай уақытында жалақы қалай төленетіні туралы айтып берді. 

«Егер жұмысшы жұмыс орынында болса, оған толық жалақы төленеді», - деді Абаев. 

Оның айтуынша, қашықтықтан жұмыс жасайтындар жалақысы атқарылған қызметтің көлеміне қарай төленеді. 

«Сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс істеу қызметкердің жалақысына, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына, еңбек өтіліне ешқандай кедергі келтірмейді», - деді ол.