Вернуться назад Распечатать

Денсаулық сақтау министрлігі екі апта карантин қорытындысын жариялады


Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қолданылған шаралар нәтижесінде стационарлық кереуеттер саны 20 пайызға, жан сақтау кереуеттерінің саны 6 пайызға артқанын мәлімдеді. 
«Уақытылы қабылданған екі апта карантин бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізуге көмектесті. Коронавирус жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші 4-тен 2,1 пайызға дейін түсті. Ал дертінен айығып шыққандар саны 60 пайызға артқан. «Жедел жәрдемге» түсетін қоңыраулар саны да 23 пайызға азайды», - деді ол. 
Оның айтуынша, қазір еліміздегі ауруханаларда 1 958 да өкпені жасанды желдететін аппарат бар. Министр алдағы уақытта әкімдермен біріге отырып 4 183 аппарат сатып алатынын мәлімдеді. 
«Елімізде күніне 32 мың тест жасайтын зертханалар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, медициналық үш қабатты масканың құны 28 пайызға арзандады», - деді министр.