Вернуться назад Распечатать

42500 теңге тағы төлене ме?


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов 42 500 теңге төлемі туралы айтты.

«Наурыздың ортасынан бері жұмыс істемейтін салалар бар. Айтыңызшы, кинотеатрлар, барлар, караоке, бассейн қызметкерлеріне 42 500 теңге төленеді ме?»  - деп сұрады журналист ОКҚ онлайн-брифингінде.

«Бүгінге дейін, төтенше жағдай кезінде, карантин кезеңінде, шілдеде және тамыздағы екі аптада төленді. Бүгінгі күні менің білуімше, карантин режимі жеңілдетілуде. Кейбір кәсіпкерлер жеңіл нұсқада жұмыстарын бастады», - деп жауап берді Серік Шәпкенов.

«Менің білуімше, бүгінде АЭС Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған кәсіпорындарды қолдау мәселесін қарастырады. Сондықтан, 42 500 төлемі жалғаспайды», - деді ол.