Вернуться назад Распечатать

«5-10-20» бағдарламасы арқылы баспана алу үшін қанша қаражат керек?


Қазақстанда «5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотекаға баспала алуға өтініш беру науқаны басталды. Бір және екі бөлмелі пәтерлер құны әр аймақта әртүрлі. Салыстырып көрелік. 
Әкімдік бастамасымен салынған үйлердің 1 шаршы метріне бекітілген максималды баға аймақтар бойынша төмендегідей: 
Алматы – 240 мың теңгеге дейін; 
Нұр-Сұлтан – 220 мың теңгеге дейін; 
Шымкент пен Алматы маңында – 200 мың теңгеге дейін; 
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды және Қарағанды облысында – 180 мың теңгеге дейін; 
Қалған аймақтарда бұл көрсеткіш 160 мың теңгеге дейін. 
Есептелік, Алматы қаласында 33 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер құны 7-9 миллион теңгеге дейін барады. Алғашқы жарна пәтер құнының 10 пайызы – 790 мың теңге. Ал 20 жыл бойы ай сайын төлейтін төлем 60 мың теңгенің айналасында болмақ. Мегаполистегі 45 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерлер құны 10 миллион теңгеден асып жығылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы баспана құны да осы төңіректе. 
Ал пәтердің шаршы метрінің максималды бағасы 160 мың теңгеге дейінгі аймақтарда бір бөлмелі пәтерлер 5,3-5,5 миллион теңге көлемінде. Ал ай сайынғы төлем – 40 мың теңгеге жуық. Ал екі бөлмелі пәтерлер 7-8 миллион теңгеге бағаланады. 
Десек те, үй алу үшін берілетін қарыздың шарты әр аймақта алуан түрлі. Мысалы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында берілетін қарыздың жалпы көлемі 18 миллион теңгеге дейін болса, Атырау, Ақтау, Түркістан, Шымкент, Қарағанды және Қарағанды облыстарында 15 миллион теңгеге дейін, қалған аймақтарда 12 миллион теңгеге дейін.