Вернуться назад Распечатать

Алматыда банк тоналды


Алматыда қаруланған екі адам Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады.

Тонау операциясы 18.00-ден кейін болған. Ол кезде бөлімде клиенттер болған жоқ. Белгісіз ер адамдар қарумен қорқытып,  2 миллион теңгені алып кеткен.

Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция оқиға орнына көп ұзамай келді, дейді банк қызметкерлері.
Қаржы институтының күзет қызметі қылмыстың ашылуына көмектесу үшін құқық қорғау органдарымен бірігеді.