Вернуться назад Распечатать

Мемлекет ақшасына IPhone 12 Pro Max алуды көздеген кім?


Жалпы суммасы 1,2 миллион шамасында болатын мемлекет қаражатына IPhone 12 Pro Max смартфонын алу туралы шешімді ақтөбелік шенділер қабылдаған көрінеді. 
«Тапсырыс беруші – Ақтөбе облыстық аймақтық коммуникация қызметі» РММ. Атауы – ұялы байланыс телефоны. Қосымша мінездеме – жалпы суммасы 1 178 553,58 теңгеге екі ұялы телефон алу, әрбірінің бағасы – 589 276,79 теңге», - деп жазылған лотта. 
Қазіргі уақытта аталмыш тапсырысқа конкурс басталды, аяқталу мерзімі – 1 қазан. Тапсырыс беруші тарап тауардың жаңа болуы керек екенін де анық көрсеткен.