Вернуться назад Распечатать

Маңғыстаудағы орташы жалақы 350 мың теңге – Ноғаев

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі орташа жалақыны айтты. 

Статистикаға сүйенсек, облыстағы орташа жалақы 350 мың теңгені құрайды. Бұл орташа республикалық деңгейден жоғары. Дәстүрлі түрде мұнай-газ саласы басқа салалардан айтарлықтай ерекшеленген жалақы алады. Осыған байланысты бізде осындай көрсеткіштер бар, - деді Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. 

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өзінің жалақысы мен тұрғындардың табысы туралы сауалға жауап берген болатын.