Вернуться назад Распечатать

АЕК – 3 063 теңге: Ең төменгі жалақы, зейнетақы мөлшері бекітілді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- ең төменгі жалақы 60 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;

- ең төменгі зейнетақы – 46 302 теңге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 36 018 теңге.

«Заң 2022 жылы күшіне енеді», – делінген Ақорда сайтында.