Нұр-Сұлтанда Қазақстан хоккей федерациясының XIV республикалық конференциясы өтіп, жиынға атқарушы комитет мүшелері мен аймақтық бөлім басшылары қатысты.
Конференция кезінде қатысушылардың бірыңғай шешімімен Асқар Мамин федерация президенті болып қайта сайланды.
Мамин 2016 жылмен салыстырғанда Қазақстан ерлер құрамасының 19-орыннан 13-орынға көтерілгенін айтты. Бұл уақыт аралығында ұлттық құрама 19 халықаралық жарысқа қатысқан. Айта кетейік, үкімет басшысы Хоккей федерациясын 2008 жылдан бері басқарып келеді.