Вернуться назад Распечатать

Доллар бағасы төмендеді

Еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

11 мамырдағы жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 467,76 теңге, сатып алу – 461,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы – 468,66 теңге, сатып алу – 462,41 теңге.

Айта кетейік, 10 шілдеде Алматыда валюта 471-476 теңгеге, Нұр-Сұлтанда 470-475 теңгеге сатылған болатын. Доллардың 9-11 шілдедегі ресми бағамы 474,92 теңге болды.