Вернуться назад Распечатать

Тоқаевтың эфирге шығатын уақыты белгілі болды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сағат 14.00-де қазақстандықтарға үндеу жариялайды.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президенттің теледидарлық үндеуі сағат 14-00-де эфирге шығады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты теледидарлық үндеуі бүгін 14-00-де республикалық арналардың эфирінде көрсетіледі», - деп жазды ол.

15 наурызда Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды.