Вернуться назад Распечатать

Атырау қаласына қашан карантин жарияланатыны белгілі болды


Атырау облысында 27-наурыз күні коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды. Бұл науқастар да шет елден келген. 

Инфекция Атырау қаласына 17-наурыз күні «Стамбұл – Алматы», 26-наурызда «Амстердам – Атырау» және 21 наурызда «Нұр-Сұлтан - Атырау»  бағыттары арқылы ұшып келген жолаушылардан анықталған.

Егер Атырау қаласында 6 және одан көп адамның инфекция жұқтырғаны анықталған жағдайда қала карантинге жабылады. Қазір кері жағдайда 1700 адамды қабылдайтын стационарлар дайын. 

Тамақ қоры, басқа да қажетті заттар қоры жеткілікті.