Қазақстанда 1-маусымнан бастап карантин шаралары жеңілдетіліп, блок-бекеттер алынды. Дегенмен, өткен тәулікте елімізде 450 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Өсу көрсеткіші 4,1 пайызды құрайды.
Науқастар аймақ бойынша төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 101,
Атырау облысы – 69,
Қарағанды облысы – 59,
БҚО – 44,
Шымкент қаласы – 32,
Алматы қаласы – 31,
Қызылорда облысы – 31,
Маңғыстау облысы – 17,
ШҚО – 16,
Ақмола облысы – 14,
Түркістан облысы – 9,
Алматы облысы – 8,
СҚО – 5,
Қостанай облысы - 5,
Ақтөбе облысы – 5,
Жамбыл облысы – 3,
Павлодар облысы – 1.
Қазақстандағы науқастардың жалпы саны 11 308 адамға жеткен.