Вернуться назад Распечатать

Әкімдік блок-бекет қою мәселесі туралы мәлімдеме жасады


Алматы облысы науқастардың өсу көрсеткіші асып кеткендіктен карантин шараларын күшейтті. Дегенмен, қайтадан блок-бекеттер орнатылмайды. 
«Ведомствоаралық комиссия шешімімен Алматы облысында блок-бекеттер орнатылмайтын болды. Ал суға түсу маусымы 13-маусымнан басталады. Біз өткен демалыс күндері Қапшағай су қоймасына келген адамдардың көптігін байадық», - деп хабарлады әкімдіктен. 
Қапшағай су қоймасына алып баратын барлық жолдар жабылады. Жетіген жақтан келетін жолға полиция қызметкерлері жауап береді. Қалғаны бұрынғы режим бойынша жұмыс істей бермек.