Вернуться назад Распечатать

Әйгілі актер, каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды


Бүгін таңертең әйгілі актер, каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды.  Бұл туралы оның достары Facebook-те хабарлады.

«Менің інім, досым, актер, каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды. Әлі сене алмаймын. Туыстары мен достарына көңіл айтамын», - деп жазды К. Жайдарбек Facebook парақшасында.

"Бір аптадан кейін, пневмониядан ағамыз Мұрат Мұқашев қайтыс болды", - деп жазады Санжар Мәди. 

Мұрат Мұқашев 1968 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

 Индустриалды колледжді бітірген, әскерде қызмет еткен.

 3 жасында ол «Ақ машина» фильміндегі эпизодқа түсті («Алпамыс мектепке барады» фильмінің эпизодында).

«Жасыл төбедегі менің үйім», «Омпа», «Обратная сторона», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Айша», «Марко Поло», «Весь мир у наших ног» және басқа да фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.