Батыс Қазақстан облысының аумағындағы Чапаев ауылдық округінде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. 11-шілде күні аңшы мылтығынан жүрек тұсына атылған оқ оның өмірін жалмады. «Мәйіт Орал қаласына сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Ол өз-өзіне қол жұмсар алдында хат қалдырған. Хаттың мазмұны бойынша, ол өзінің өліміне ешкімді кінәламауды, мұндай қадамға несиесін төлей алмағандықтан барғанын айтқан», - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаменті.
1978 жылы туған ер адамның өз-өзіне қол жұмсауы фактісі реестрге ҚР ҚК 105- бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелген.