Вернуться назад Распечатать

БҚО тұрғынынан ақбөкеннің 600-ден астам мүйізі тәркіленді


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының тұрғынынан 632 түйір ақбөкен мүйізі табылды.

 Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Зачаганск ауылында 31 жастағы ер адамның  Nissan Maxima автокөлігі ұсталды, одан 632 түйір ақбөкен мүйізі табылды», -  деп хабарлады.  

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша тергеу изоляторына қамалды, оны 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.