Вернуться назад Распечатать

Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді


Қазақстан бойынша 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

«Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады. Жауын-шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады», - делінген хабарламада. 

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.