Қызылорда облысында қыс мезгілінде тасқын суды жинайтын жаңа су қоймасы салынады. Вегетациялық кезеңде су тапшылығы мәселесін шешу үшін Қызылорда облысында қыс мезгілінде тасқын су жиналатын су қоймасы салынады. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
«Жыл сайын жаз мезгілінде өңірде суармалы жерлерді суару үшін су тапшылығы болады. Былтыр су тапшылығы ерекше сезілді. Сырдария өзені арқылы келетін судың шамамен 70 пайызы қыс мезігілінде келеді. Сондықтан алдағы уақытта қыста тасқын суды жинау үшін 2,3 миллиард текше метр су жинайтын су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз», - деді өңір басшысы.