Вернуться назад Распечатать

Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан бастап карантин күшейтіледі

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада карантинді күшейту туралы қаулыға қол қойды. 

Құжатқа сәйкес сауда-ойын-сауық орталығы және сауда үйінің жұмыс уақыты сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. 

Бұдан бөлек, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер, сондай-ақ қала оқушылары көшеді. Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Фото: ainews.kz