Вернуться назад Распечатать

Қазақстанда коронавирустың мутацияланған үш түрі расталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізді. Аталған іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылды.

Жиын барысында Президент елімізде коронавирустың жұқпалылығы жоғары мутацияланған үш штамы расталғанын мәлімдеді. 

«Індеттің таралуы ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың көбеюімен, сондай-ақ өлімнің артуымен қатар жүреді», - деді Тоқаев.