Вернуться назад Распечатать

Тоқаев: Биылғы жыл коронавирустан біржола арылу жылы болуға тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізді. Мемлекет басшысы жиын барысында биылғы жыл еліміз үшін коронавирустан біржола арылу жылы болуы керек екенін айтты.

«Биыл - қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.