Вернуться назад Распечатать

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Ғанибек Қазантаев Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғанибек Қазантаев 1960 жыл Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетін  мұнай-газ  кен орындарының инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еске салайық, Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кеткені туралы хабарланған еді. Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.