Вернуться назад Распечатать

Найзағай, жел: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

27 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Оралда күндіз найзағай күтіледі. 

27 сәуірде Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 27 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

27 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

27-28 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.