Вернуться назад Распечатать

Нұр-Сұлтанда мектеп директоры «пара алды» деп айыпталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінің директорына қатысты күдікті істі тексеру үстінде. 





«Ол 742 мың теңге пара алды деп айыпталып, істің ақ-қарасы тексеріліп жатыр. Ол мектепте қызмет көрсетуге мүдделі Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығынан осы сумманы мәселені шешіп беру үшін алған болуы мүмкін», - делінген мәлімдемеде. 

Қазір директордың үстінен қозғалған іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру дәрежесінде. Алдағы уақытта қосымша ақпараттар жарияланады.