Вернуться назад Распечатать

Шаңды дауыл, найзағай: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе аймағында найзағай ойнайды деп болжап отыр. 

Қызылордада шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ бұл аймақта өрт қаупі жоғары.

Алматы мен Қарағандыда секундына 22 метрге дейін жететін екпінді жел тұруы ықтимал. 

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.