Бүгін әлеуметтік желіде жетектерінде балалары бар үш кәріс әйелдің мектеп оқушыларына кәмпит, браслет таратып жүрген видеосы тарап кетті.
Бұл видеодағы автордың қазақша сөйлеп тұрғанын ескерсек, кәрістер қазақ мектебінің оқушыларын көздеген сыңайлы. Кейбір желі қолданушылары кәріс әйелдердің қазақша сөйлеп жүргенін айтады. Ал видеода олар қазақша сұрақты түсінбей, жартылай ағылшынша, жартылай кәрісше немесе қытайша сөйлейді.
Бірақ желідегілер бұл жағдайдың Қырғызстанда болғанын айтуда. Видеодағы жағдай ресми тексеріліп, нақтыланады деп сенеміз.