Вернуться назад Распечатать

БҚО құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Антазиев Әлібек Сайынұлы – 1982 жылы туған. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімінің бас маманы;

- Орал қаласының құрылыс бөлімі өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі;

- Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы мониторингі бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы;

2016 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.