Вернуться назад Распечатать

Трамп: «Алыстан бір жарық көрінеді...»


АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус жағдайында алыстан бір жарық көретінін жеткізді. 

Оның айтуынша, бұл – жақсы белгі. Трамп Нью-Йорк қаласында өлім көрсеткіші азайғанын айтады. Ол АҚШ-тағы коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны 100 мыңнан аспайды деп үміттенетінін жеткізді. 

«Біз алыстан бір жарық байқадық. Мүмкін, алдағы уақытта біз жасаған жұмысымызбен мақтанатын боламыз», - деді ол. 

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша (330 мың) әлемде бірінші орынға шықты. Ал қаза тапқандар саны – 9,5 мың адам.