Вернуться назад Распечатать

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

Аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,-делінген хабарламада.

Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.