Вернуться назад Распечатать

Ғалымдар «коронавирус мутацияға ұшырап жатыр» деп дабыл қағуда


Коронавирус – жылдам өзгеретін әрі көлемі жағынан өте кішкентай вирус. Коронавирусты қоздыратын жаңа вирустың түрі Панамада анықталып, A2 PAN деген атау беріліпті. 
Ғалымдардың айтуынша, бұл вирустың пайда болуына SARS-CoV-2 вирусының бес елден келген түрінің қосылып, мутацияға ұшырауы себеп болған. 
«Вирустың жаңа түрі анықталып отыр, сәйкесінше оған A2 PAN деген атау бердік», - деп мәлімдеді Горгас атындағы денсаулық сақтау институтының директоры. 
Панамада 20 686 адам коронавирус жұқтырып, 13 766 адам жазылса, 437 адам бақилық болыпты.