Вернуться назад Распечатать

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады


Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Ол Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады.

"Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін", - делінген АҚШ Президентінің жеделхатында.