Вернуться назад Распечатать

Коронавирустың қауіпті штаммы Ресейге келді


Ресейде коронавирустың «британдық» штамын жұқтырған алғашқы адам анықталды.

Бұл туралы ақпаратты Роспотребнадзор басшысы Анна Попова хабарлады. Вирустың жаңа түрі Ұлыбританиядан келген Ресей азаматынан табылған.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, қаңтар айының басында  әлемнің 41 елінде жаңа штамм тіркелді.  ДДСҰ вирустың жаңа түрі жастардың арасында белсенді түрде таралуы мүмкін екенін атап өтті.