Вернуться назад Распечатать

Қырғызстан Президенті Қазақстанға келеді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді. 

Бұл туралы ҚР СІМ Telegram-каналында хабарланды. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. 

Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді.