Вернуться назад Распечатать

Хабиб Нурмагомедов ресми түрде мансабын аяқтады

Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов 32 жасында ресми түрде мансабын аяқтады. Бұл туралы UFC басшысы Дэйна Уайт Twitter-де хабарлады.

«Ол 100% ресми түрде мансабын аяқтады. Сенің қалай жұмыс істейтініңе бақылаудың өзі керемет еді, бәрі үшін рахмет, досым», - деп жазды Уайт Twitter-де.

Хабиб өз кезегінде промоутерге және UFC командасына өзін көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Дэйна, маған деген пейіліңді ешқашан ұмытпаймын, әкем ұмытпады, ұлдарым да сені есінде сақтайды», - деп жазды Нурмагомедов Instagram-да.