Вернуться назад Распечатать

Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі тағайындалды

Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасындағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды.

«Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.