Вернуться назад Распечатать

Путин Тоқаевқа жеделхат жолдады


 Ресей Президенті ұшақ апатына байланысты көңіл айтады

 Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа апаттың қайғылы салдарына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

 «Ресей жақын адамдарынан айырылғандардың қайғыларына ортақтасады және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне үміт артады», - деп атап өтті Ресей басшысы жеделхатта.