Вернуться назад Распечатать

Рамзан Кадыров орынын Муслим Хучиевке тапсырды


Шешенстанның басшысы Рамзан Кадыров 13-қаңтардан бастап өзінің «уақытше еңбекке жарамсыз» екенін жариялап,  Үкімет басшысы Мусли Хучиевті орынына уақытша міндетін атқарушы етіп тағайындады. 




«Шешенстан Республикасының Конституциясының 76-бабына сәйкес, 2020 жылдың 13-қаңтарынан бастап мемлекет басшысының міндетін атқарушы етіп Муслим Хучиевті тағайындаймын», - делінген құжатта. 


Еске сала кетейік, 2019 жылдың ақпан айында да Кадыров өзінің өкілеттілігін уақытша Хучиевке өткізген-ді.