Вернуться назад Распечатать

Коронавирустен қаза тапқандардың саны 4 есеге өсті

Қытай вирусынан жалпы саны 131 адам қайтыс болды.


Қытайдың Хубэй провинциясында тәулігіне коронавируспен ауыратындар саны тоқсанға өсіп, тағы 25 адам қайтыс болды.

Бұл туралы жергілікті CGTN телеарнасы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Жалпы, Қытай вирусынан 131 адам қайтыс болды. 29 қаңтарда жұқтырғандар саны 3554 адамға жеткен, оның ішінде Хубэй провинциясында 840 жаңа коронавирус ауруы тіркелді.