Вернуться назад Распечатать

Лукашенко қайда екенін айтты


Беларусь Президенті Александр Лукашенко шетелде екендігі туралы хабарды жоққа шығарады.

«Біріншіден: Мен әзірге тірімін және шетелде емеспін, бірақ бұл жерде біздің кейбір құрметтілеріміз президент елден кетіп, шетелде жүр деген ақпарат таратып отыр. Бүгін 14-ші тамыз күні, біз құрылыс индустриясының жұмысын талқылау үшін жиналамыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы құрылыс индустриясына арналған кеңесте.

Естеріңізге сала кетейік, Беларуссияда наразылық акциялары сайлау күні - 9 тамыздан бастап жалғасуда.  Олар елдің барлық дерлік қалаларын қамтыды.  Ереуілдердің салдарынан көптеген ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылады.