Вернуться назад Распечатать

Түркия Әзірбайжанға «ұрыс даласында» қолдау көрсетуге уәде берді


Түркия Әзірбайжанды «ұрыс даласында» да, Таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеу үшін Армениямен келіссөздерде де қолдауға дайын. Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді.

Министр проблеманың жалғыз шешімі: Армения «басып алған Әзірбайжан территориясынан» шығуы керек деп атап өтті.

«Біз әрдайым Әзірбайжанды - майдан даласында да, келіссөздер үстелінде де қолдаймыз» деді Чавушоглу.