Вернуться назад Распечатать

Бішкекке әскери техника кіргізілді (видео)


Өткен түні Бішкек маңында тағы бір әскери техника колоннасы байқалды. Ол полиция патрулімен бірге қырғыз астанасына қарай бағыт алып бара жатқан. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін Қырғызстан парламентінің депутаттары мемлекеттік резиденцияда шұғыл отырыс өткізіп, елдің жаңа премьер-министрін сайлайды.
Кеше Президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен қазанның 9-ы мен 21-і аралығы Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Еске салайық, Қырғызстанда өткен дүйсенбі күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы қақтығысқа ұласты.