Вернуться назад Распечатать

Аргентина президенті қаралы күн жариялады


Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты үш күнге қаралы күн жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Елде ойын-сауық шаралары тоқтатылып, ұлттық ту түсірілді. Телеэфирлерде спортшының өмірі, карьерасы және жеңістері туралы бағдарламалар көрсетіледі.

Марадона сәрсенбі, 25 қарашада таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге қарай (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00) Буэнос-Айресте Нордельта ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.