Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адамның белгісіз ауру жұқтырғаны хабарланды.
Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.
Мемлекеттік аурухананың медициналық қызметкерінің айтуынша, науқастар, көбіне балалар жүрегі айнығанын айтқан. Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылды. Ал жұқтырғандар саны - 300.
Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.