Вернуться назад Распечатать

БАҚ: Садыр Жапаровтың жиені "Қырғызстан аруы-2020" атанды


Бішкекте "Қырғызстан аруы-2020" байқауы өтті. "Қырғызстан аруы" атағын 20 жастағы Лазат Нұрқожаева жеңіп алды. Байқау ережесіне сай жеңімпаз BMW автокөлігіне ие болды.

Лазат Нұрқожаеваның 2000 жылы дүниеге келгені белгілі. Сондай-ақ, оның Қырғызстан президенттігіне үміткер Садыр Жапаровтың бауыры Дәулет Жапаровтың қызы екені айтылады.

Нұрқожаева әлеуметтік желідегі парақшасында Садыр Жапаровқа, оның ұлына және тағы басқа туыстарына жазылған екен.