Вернуться назад Распечатать

Жоғалған Джек Ма: Қытайлық миллиардер жасырынып жүр ме?


Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Маның қайда екені айтылды. CNBC жүргізушісі Дэвид Фабердің айтуынша, миллиардер компанияның Қытайдың Ханчжоу қаласындағы штаб-пәтерінде жасырынып жүр. Осы жаңалықтан кейін Alibaba акциялары 5 пайызға өсті.

«Сіздерге ең алдымен айтарым, Джек Ма Alibaba компаниясының штаб-пәтері орналасқан Ханчжоуда әдейі жасырынып жүр. Бірақ бұл оны жоғалып кетті дегенді білдірмейді. Оны ешкім ұстап немесе қамап отырған жоқ», - деді журналист.

Қараша айында Қытай билігі Ма-ның бизнес-империясына бақылауды күшейтіп, жаңа, қатаң ережелер енгізді.  Осылайша, ол бір күнде 3,5 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады. Содан кейін Азиядағы ең бай адам өзгерді, оның капиталы 77,8 миллиард долларды құрайды.