Вернуться назад Распечатать

Қытайдың мегаполисінде әскери жағдай енгізілді


Қытайдың Шицзячжуан қаласында COVID-19 жаппай таралуына байланысты жалпыкарантин және әскери жағдай енгізілді.

Мегаполис билігінің мәліметіне қарағанда, 11 миллион халық тұратын қалада тәулігіне 120 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл - елдегі соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазір қаланың кейбір ауданына кіруге тыйым салынды, балабақшалар жабылды, бастауыш және орта мектеп сабақты уақытша тоқтатты, тұрғын үй кешендері жабылды, пошта тасымалы тоқтатылды.