Вернуться назад Распечатать

Ереван: Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді

Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді. Еске салайық, Пашинянның ресейлік «Искандерлер» туралы сөзінен кейін Ереванда тағы бір саяси дағдарыс өршіген болатын. 

Армения бас штабы бастығының орынбасары премьер-министрді мазақ еткені үшін қызметінен босатылған, кейін бас штаб бастығына да отставкаға кетуге ұсынылған.

«Пашинянның бір топ қарсыласы Ереван орталығында бірнеше министрлік орналасқан үкімет ғимаратына басып кірді», - делінген хабарламада.