Вернуться назад Распечатать

Алексей Навальный аштық жариялады

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный аштық жариялады. Оппозиционердің айтуынша, қазір денсаулығы әлсіреп, өзін жайсыз сезінеді. Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетілмегені де хабарланды.

Навальный дәрігер шақыртып, дәрі-дәрмек сұрағаны туралы жазды. Бірақ оның бұл өтініші қабылданбаған. 

Еске салайық, Навальныйның қорғаушылары оппозиционердің денсаулығы әлсірей бастағаны туралы айтқан еді. Ал құзырлы органдар Навальныйдың жағдайы жақсы екенін айтты.