Вернуться назад Распечатать

Оқушыларға қосымша демалыс берілмек


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ақпан айында бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс аптасын  жоспарлап отыр.

1-11 (12) сыныптарда: күзгі демалыс уақыты - 7 күн (2020 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін), қысқы демалыс уақыты - 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін), көктемгі демалыс уақыты - 12 күн (20-дан бастап)  2021 жылдың 31 наурызына дейін).  1 сыныпқа: қосымша демалыс - 7 күн (2021 жылғы 1-7 ақпан аралығында), - делінген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрық жобасында.